Түркістан облысының полицейлері «Борышкер» шарасы аясында 5,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Рейд барысында айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде полицейлер 5 тәулік ішінде 5592 әкімшілік хаттама толтырып, 209 автокөлік айыптұраққа қойылды. Оның ішінде 25 көлік «Автоураган» мобильді кешенінің көмегімен анықталды.
Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты мекенжайлар бойынша 3291 азаматқа салынған айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы нұсқама таратты. Құқық бұзушылардың жұмыс орындарына 272 ұйғарым, ал жеке сот орындаушыларына 1535 қаулы жіберілді. Сондай-ақ әкімшілік айыппұлдары төленбеген автокөлік құралдарын анықтау жұмыстары «Автоураган» мобильді кешендерінің, жедел басқару орталығының және «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының мүмкіндіктері арқылы жүргізілді.
Мәселен полиция қызметкерлері «Борышкер» іс-шарасы барысында, «Автоураган» кешенінің көмегімен «Қорғау» бағдарламасы арқылы «DAEWOO NEXIA» маркалы автокөлікті анықтап, Түркістан облысы тұрғынының 700 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлдары үшін көлігін айыптұраққа қойды.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажет ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *