Түркістанда ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын әйел өзіне тиесілі «Vivo 25» маркалы ұялы телефонын сырттай танысқан ер адам күш қолданып, тартып алғанын көрсетті. Жәбірленушіге 200.000 теңге шығын келтірген. Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзып, теріс қылық жасаған ер адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде жергілікті тұрғынды анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Белгілі болғандай, өзара келіспеушілік орын алып, ер адам әйелдің ұялы телефонын заңсыз тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылар қолды болған ұялы телефондытәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікке ілінген ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *