Көшені кез келген жерден кесіп өткен жеті мыңға жуық шымкенттік 6 125 теңгеден айыппұл төледі

Шымкенттік патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін бұзған 6930 азаматты анықтап, тиісінше заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.

Аталған азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы ретте жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береміз» — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *