Сайрамда өткен кездесуде елдің бірлігін нығайтуға қатысты ойлар айтылды

Жақында Сайрам ауданындағы Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде Әзірбайжан Республикасынан келген қадірлі қонақ Біріккен ұлттар ұйымының сарапшысы, Халықаралық адамдар құқығын қорғау ұйымының мүшесі, Әзірбайжан мемлекетінің жазушылар одағының мүшесі генерал майор Мирдамад Азиз оглы Азизов Сайрам ауданы бойынша Таулы Қарабақ ұрыс қимыл ардагерлерімен кездесті.

Аталған шарада М.Азизов Таулы Қарабақ ұрыс-қимылдарының Республикалық ардагерлер төрағасының орынбасары, “Қоғамдық келісім” КММ-і Сайрам аудандық филиалының маманы Бахтияр Батаевқа арнайы достық Алғыс хатын табыстады.Іс — шара соңында ардагерлер ел бірлігін нығайтуға қатысты өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

Айта кетейік, бүгінде Сайрам ауданында 40-тан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті тіршілік етуде. Олардыңөңірдің өсіп-өркендеуіне қосып отырған үлестері сүбелі. Әсіресе, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында табысты еңбек етіп келе жатқан этнос өкілдері жетерлік. Білім, ғылым, мәдениет салаларында жетістікке жетіп жүргендері де көп.

Жалпы «Қоғамдық келісім» КММ-сі атқарып отырған жұмыстардың барлығы ел игілігіне бағытталған. Аталмыш мекеме қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты тұғырынан түсірмеу, достық пен өзара түсіністікті арттыру, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін қолдау, қазақстандық патриотизмге баулу секілді бағыттарда қызмет атқарады. Реті келгенде мәлімдей кетейік, мемлекетімізде ұлттық саясатты жүзеге асыру бағытындағы, соның ішінде елдің бірлігі мен тұтастығын сақтауға арналған шараларды атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты мәселелер бойынша Конституцияға екі рет түзетулер енгізілді. Осы бағытта Мемлекет басшысы 10-нан астам Жарлыққа қол қойды. Соның негізінде Ассамблеяның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданды. Өңірлерде жергілікті ассамблея тарапынан атқарылатын жұмыстар осы даму тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *