«Қоғамдық келісім» КММ тұрмыстық мәселелерді де назардан тыс қалдырмайды

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Қарамұрт ауылында орналасқан ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында аудан аумағында зорлық-зомбылықтың, әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті» атты тақырыпта еркін форматта кездесу өтті.

Әйелдер мен балалар арасында орын алып жатқан зорлық- зомбылықтың  алдын алу, жастардың бойын жаман  әдеттерден аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасауды көздеген шараға «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы, Сайрам ауданының бас имамы Оспанов Арыстан Оразалыұлы,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» комуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметімеңгерушісі-заңгері Медеуов Ғалым Диллабекұлы,Манкент, Ақбұлақ, Қарамұрт ауыл округтерініңаудан әкімдігі жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, медиация кеңесі мүшелері және  ауылдық округтерінде ұлтаралық татулықты сақтау, кез келген кикілжің оқиғаларды болдырмау, олардың алдын алу бойынша  құрылған  жұмысшы  топ  мүшелері қатысты.

Іс — шара соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасты.

Жалпы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі қоғамымызда тұрмыстық осындай өзекті мәселерді алдын алуға белсенді түрде атсалысып келеді. Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысындағы Ассамблея жанында өзбек, славян, түрік, күрді, иран, қырғыз, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, ұйғыр, грек этномәдени бірлестіктері жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кеңесі, медиация кабинеті, қайырымдылықты үйлестіру, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Достық» және «Айбын» клубтары, ақпараттық-насихаттық топтар да бар. Осы аталған құрылымдар өздеріне бекітілген бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Біз соның ішінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық филиалы тарапынан қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізілген бір іс-шараны айтып отырмыз.

Жалпы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында межелі міндеттерді жоспарлы әрі жүйелі түрде жүргізеді. Атап айтар болсақ, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді,этносаралық ахуалға тұрақты мониторинг жасайды, этностар жинақы шоғырланған жерлердің өзекті мәселелерін саралайды, проблемаларын анықтайды және олардың шешу жолдарын қарастырады.

Бүгінгі күні Сайрам ауданы аумағында медиаторлармен және 42 елді мекенде ауыл округтеріндегі татулыққа жауапты қызметкерлері ел арасындағы бірлікті нығайту бағытында еңбек етуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *