Нашақорлық — қоғам дерті!
Нашақорлық — қоғам дертіне айналды. Бүгінде жастарды нашақорлықтан сақтандыру бағытында Кентауда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан түрлі форматтағы тың жобалар жүзеге асып жатыр. Әлеуметтік желілер мен БАҚ -да нашарқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жарық көруде. Ел ағаларымен және қоғам белсенділерімен жастар арасында кездесулер өткізіліп, нашақорлықтың айықпас дертке алып келетіні жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Дәрігерлер мен Жастар ресурстық орталығының мамандары да бұл іске белсенді түрде қатысып отыр. Есіртінің ел үшін қауіптілігін айтып, түсіндірме жұмыстарын атқарып келеді.