Зорлық зомбылыққа жол жоқ!
Кентау қаласында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында көптеген іс шаралар атқарылып келеді. Қаладағы Жастар ресурстық орталығының мамандары жас отбасыларға әрдайым түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мұндағы психолог мамандар жас аналар мен әкелерді жеке қабылдап, бақытты отбасы болудың мәні мен мазмұнын насихаттауда. Сондай-ақ, қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан да отбасы құндылықтарын насихаттау барысында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қаладағы мерейлі отбасылармен кездесулер, әжелер алқасы мүшелері мен әкелер мектебінің өкілдерімен «Бақытты отбасы — Отан тірегі», «Бақытты отбасы болудың құпиялары», «Мерейлі отбасы — мықты мемлекеттің тұғыры» тақырыптарында сұхбаттар жүргізіліліп келеді.