Елімізде мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдердің үлесі 55 пайыз болды
Елімізде мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан асты. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Айнұр Арғынбекова айтты.
«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан астам болды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4 пайызға жетті», — деді А. Арғынбекова.
Оның айтуынша, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 39,2 пайыз деңгейінде.
«Кейінгі 5 жылда мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39 шамасында», — деді сенатор.
Айта кетейік, бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.