«Elinform.kz» сайты редакторының №3 БҰЙРЫҒЫ

«Elinform.kz» сайты редакторының №3 БҰЙРЫҒЫ

Кентау қаласы        06 ақпан 2023 жыл

«2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізуге арналған «Elinform.kz»  сайтында жарияланым алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы»

Қазақстан Республикасындағы Конституциялық «Сайлау туралы» Заңының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу шеңберінде «Elinform.kz»  сайтында жарияланым ұсынуды орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Elinform.kz»  сайтында жарияланым ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
2. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Elinform.kz»  сайтында жарияланым алаңын ұсынудың төлемақы мөлшері бекітілсін (№1 қосымша).

Директор-редактор М.Қосжанова

 

«Elinform.kz» сайты редакторының №3 бұйрығына
№1 қосымша

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберінде алдын ала үгіт-насихат жүргізу үшін «Elinform.kz» сайтында жарияланым баспа алаңын ұсыну төлемінің мөлшері.

«Elinform.kz» сайтында:
1. «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық «Сайлау туралы» Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен төленетін сайлау алды материалдарының 1 символы – 6 теңге.
2. Саяси партиялардың сайлаушылары қорының қаржысы есебінен жарияланатын сайлауалды материалдарының 1 символы – 6 теңге.
3. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың жеке сайлау қорының қаржысы есебінен жарияланатын сайлауалды материалдарының 1 символы – 6 теңге.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *