Жолдау жүктеген міндет: Шарбұлақта заманауи спорт кешені бой көтеруде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында халықтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта әр өңірде спорт инфрақұрылымын жаңғырту және қолжетімді ету – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып отыр.
Қазығұрт ауданының Шарбұлақ ауылдық округінде бой көтеріп жатқан заманауи спорт кешені дәл осы бағыттағы нақты іс-шаралардың көрінісі. Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың басшылығымен құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Бұл кешенде көпфункционалды спорт зал, киім шешетін бөлмелер, жаттығу залдары, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдары мен заманауи қондырғылар қарастырылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жастарды спортпен айналысуға ынталандыру, олардың денсаулығын сақтау және бұқаралық спортты дамытуға баса мән беру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Ол мемлекет пен жергілікті биліктің бірігіп, ауылдық жерлерде спорттық инфрақұрылымды жетілдіру арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасауға тиіс екенін нақтылады. Қазығұрт ауданындағы бұл жоба осындай талаптар мен міндеттердің толыққанды іске асырылуынан хабар береді.
Спорт кешенінің құрылыс барысын аудан әкімі Азизхан Исмаилов өз бақылауына алып, мердігер ұйым өкілдеріне сапа мен уақыт талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Бұл нысанның мерзімінде әрі сапалы пайдалануға берілуі тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ауылдағы бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді. Сонымен бірге, спорт кешенінің ашылуы өңірдегі спорттық секциялардың санын көбейтіп, жастар мен балалар үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады.
Аудан әкімінің айтуынша, спорт кешенінің пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындары үшін футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлері бойынша секциялар ашылмақ. Бұл жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп, олардың спорттық жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Жалпы алғанда, Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылындағы спорт кешенінің құрылысы — Президенттің Жолдауларында көрсетілген әлеуметтік міндеттердің және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі. Бұл жоба елдегі спорт саласын дамытудың, ауылдық жерлердегі тұрғындардың денсаулығын жақсартудың үлгісі болмақ.
