ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округінде жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір пайдалануға берілді. Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылған көпір – балалардың мектепке барып келуіне ыңғайлы екендігін айтты. Жалпы ұзындығы 70 метрді, ені 3 метрді құрайтын көпір құрылысына 50 млн теңге жұмсалған. Игі бастама облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұржан Ашировтың жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылған.
«Бұл көпір – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне, балалардың алаңсыз мектепке барып келуіне жағдай жасауға бағытталған игі жоба. Мұндай халыққа қажетті нысандардың салынуы – елдік бірліктің, азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Ең бастысы – халыққа қолайлы жағдай жасау», – деді әкім.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
