АУДАН СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жыл басынан бері ауданымыздың спортшылары Азия чемпионатында 1 спортшы алтын медаль, Халықаралық турнирлерде–12, Республикалық турнирлерде–70, Облыстық деңгейде–272 оқушы жүлдегер атанды және ҚР чемпионатында–22, Түркістан облысы біріншілігінде 106 спортшымыз түрлі медальдарға ие болып, ауданымыздың мерейін үстем етті.
Бүгін халықаралық спорт күніне орай ауданымызда салтанатты шара өтіп, онда ауданымызда, өңірімізде, елімізде спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлер, спортшылар мен бапкерлерге құрмет көрсетіліп, марапат табысталды.
Салтанатты жиынға аудан әкімі, аудандық мәслихаттың төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған зиялы қауым өкілдері спортшы қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекелерде жеңіс тіледі.
Мерекелік басқосуға елімізде ұлттық ойынымыз көкпар спортының дамуына сүбелі үлес қосқан, КСРО-ның 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбайұлы бастаған ардагер ағаларымыз, параканоэден 5 дүркін Азия чемпионы, Париж және Токия олимпиядасының қатысушысы, ел құрамасының капитаны Бейбарыс Сыпатай, ересектер арасында таэквондодан Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы Нұрқанат Қожахмет бастаған жаста болса, биік белестерді бағындырған данқты жерлестеріміз қатысып, ісшара маңыздылығын аша түсті.
Мерекелік жиын барысы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *