ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлы Сайрам ауданы әкімдігі ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келгендер тұрғын үй учаскесін, жер учаскесіне байланысты сұрақтар қойды. Өз кезегінде нақты фактілер бойынша сындарлы шаралар қабылдауды тапсырды. Қосымша зерделеуді қажет ететін іс материалдарын жеке бақылауға алды.
Департамент басшысы жауапты тұлғаларға халықпен ашық диалог орната отырып жұмыс істеуді, көтерілген мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды. Жеке қабылдауда айтылған сұрақтарға аудан әкімі Арман Сабитұлы жауап беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар халыққа жақын болуға, ең бастысы – азаматтардың проблемаларымен танысып, сол мәселелерді шешу бойынша дереу шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі