Түркістан облысы тұрғындарының назарына!
Көппәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сатып алу кезінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер – алдын ала брондау шарты, брондау шарты, инвестициялық шарт, талап ету құқығын басқаға беру жарамсыз деп танылады.
Түркістан облысының әкімдігі азаматтарды өз қаражатына мұқият болуға шақырады. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алу ұсынылмайды.
Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тартуға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауаптылық көзделген.
Азаматтарға үлескерлердің қаражатын тартудың заңдылығын тексеру үшін, eGov порталынан «Казреестр» сайтына тікелей сілтеме арқылы кіру мүмкіндігі бар.
Үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпаратты «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сайтынан алуға болады.
Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы бар құрылыс ұйымдарының тізімі.
Тапсырыс беруші
Нысанның атауы
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу керек:
Сым: 8 (725) 33-5-86-96