САУРАН АУДАНЫНДА ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Сауран ауданында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң ұйымдастыруымен “Сауран таланттары – 2025” өнер байқауы өтті. Бұл шара — аудан жастарының шығармашылығын қолдау, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және сахна мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
Өнер додасына Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушылардың өнерін әділ бағалау мақсатында қазылар алқасы да жоғары деңгейде жасақталды.
“Сауран таланттары – 2025” байқауы – ән жанры және поэзия жанры бойынша өтті. Өнерпаз жастар өздерінің дарындарын көрсетіп, тартысты сайыс ұйымдастырды. Әрбір қатысушы жоғары дайындықпен келіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *