ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫ ҮШ КҮН БОЙЫ ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының Түркістан қаласындағы гастрольдік сапары аясында үш драма мен бір ертегі сахналанбақ. Түркістан музыкалық драма театрында өткен баспасөз жиынында театр басшысы Орал Камал бұл сапардың мақсатына тоқталып, шығармашылық ұжым үшін тәжірибе алаңы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, театрдың көркемдік жетекшісі Ғалымжан Қаппаров гастрольдік бағдарлама қазақ және әлемдік драматургияның үздік шығармаларын қамтитынын, көрерменге әсерлі эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлайтынын айтты.
Өнер керуені аясында 26, 27, 28 ақпан күндері сағат 11:00-де С.Балғабаевтың «Қаңбақ шал» ертегісі Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында қойылады. Сондай-ақ Түркістан музыкалық драма театрында Г.Хугаевтың «Қара шекпен», Қ.Аманжолдың «117-пәтер», Б.Соқпақбаевтың «Қайдасың, Гауһар?» қойылымдары көрермен назарына ұсынылуда.
Айта кетейік, жарты ғасырдан астам тарихы бар Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Жетісай қаласында 1968 жылы халық театрының негізінде құрылған. Алғаш рет Бейімбет Майлин мен Евгений Брусиловскийдің «Жалбыр» музыкалық драмасын сахналаған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *