Татулықты дәріптеу барша азаматтың ортақ міндеті
Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік-патриотизм рухында тәрбиелеу» тақырыбында этнос жастарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиал мамандары , Сайрам аудандық Ауған ұрыс қимылдары ардагерлері одағының төраға орынбасары Р.Махмудов, Таулы Қарабақ ұрыс қимылдары ардагерлерінің төрағасы Б.Батаев, Тәжік -Ауған шекара ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері төрағасы О.Қолтаев, Ирак ұрыс қимылының ардагері Н.Ерходжаев және «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық «Jastar Ruhy» жастар қанатының төрағасы А.Төлебек қатысты.
Б.Батаев өз сөзінде біздің өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керектігін, бұл – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ міндеті екенін айтты. Жалпыұлттық бірлік-қуатты мемлекет болудың басты кепілі. Егемен еліміздің баға жетпес байлығын кейінгі ұрпақ үшін сақтай білуіміз керек деп жастар арасындағы қарым-қатынас және патриотизм сезімдерін күшейту керек.
Сонымен қатар кездесу барысында жастар өз ойларын ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.