ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Созақ аудандық полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық — зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен тұрғындар көп жиналатын орындарда ауыл тұрғындары арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
150 тұрғынды қамтыған бұл шарада «Отбасы – бұл қоғамның бір бөлшегі. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады.
Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау керек», — екендігін айтқан Айжан Манапова тұрғындарға зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жағдайда не істеу керектігі көрсетілген, іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық жадынамаларды таратты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі