ТҮРКІСТАНДА 508 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Түркістан қаласындағы көпқабатты «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі 508 пәтердің кілті табысталды.
Осыған дейін жыл басынан бері 482 пәтер пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде – 16549 тұрғын кезекте тұр.
Ағымдағы жылдың басында 482 пәтерде әлсіз топ – 277, көп балалы отбасы – 163, тұл жетім – 42 берілсе, бүгін тұрғын үйге мұқтаж 508 пәтер: 225 әлсіз топ , 280-көп балалы отбасы, 3–тұл жетімге берілуде.
Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, келер жылы табысталады деп жоспарлануда.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қараша күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.
Жаңа Заңға сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады.