Зухра мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Бүгінде жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндік негізінде Зухра Тохташ Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман қызметіне қабылданды.

Зухра Жораханқызы Алматы қаласындағы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу» университетінде техника және технология білім беру бағдарламасы бойынша жерге орналастыру мамандығын тәмамдаған.Осы орайда, жаңадан мемлекеттік қызметке келген Зухра Жораханқызы жоғары оқу орнында алған білімін қызметте шыңдамақ.

Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Облыста әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар. Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын  нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *