Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы-2024
Бүгін, Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада бұрынғы әріптестерім, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлын, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Байғазыұлын, сектор меңгерушісі Марат Ержанұлын және маман Рауан Манарбекұлын кездестіріп, бір жасап қалдым. Қанша дегенмен Сауран ауданы әкімдігі менің өмірімде орны бар. Себебі, Сауран ауданы құрылғанда 2021 жылы алғашқы маман ретінде құрылыс бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ішкі саясат бөлімдерінде 3-жылдан аса қызмет атқардым. Жаңара бер, жайнай бер Саураным!