ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА КЕСТЕ ӨНЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Жібек жіптен жұмыр ой» атты кесте өнеріне арналған көрменің ашылуы өтті. Онда 1955-1960 жылдары тігілген көптеген көне жәдігерлер мен заманауи кесте түрлері, сонымен қатар әлемдік мәдениет өкілдерінің кесте түрлері көрсетілді.
Кесте – мыңдаған жылдар бойы ине-жіпті пайдаланып матаны және басқа материалдарды безендіру өнері. Кейіннен безендіру үшін моншақтар, інжу, қауырсындар қолданылды. Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары аталған көрмені апта бойы тамашалай алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі