Заң және тәртіп: Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады
Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды. Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ынтымақтастығымен әзірленді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесі жасанды интеллект технологияларының қолданылуымен іздеудегі адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалдырылған заттар туралы сигнал беруге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама көлікті маркасы, моделі және түсі бойынша сәйкестендіре алады.
«Ақылды» камералардың назарында теміржол вокзалдары, әуежайлар, қонақ үйлер, көшелер және сауда ойын-сауық орталықтары сияқты нысандар бар.
Жүйе өз тиімділігін көрсетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде елорданың қоғамдық орындарында жоғалған балаларды, сондай-ақ есепте тұрғандар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды жедел табуға мүмкіндік туды.
Бейне-талдау жүйесінің көмегімен Астанада іздеуде жүрген 46 құқық бұзушы жедел түрде анықталып ұсталды. Осыған ұқсас жұмыс Алматыда жүргізіліп жатыр. Онда осындай 30 адам анықталып құрықталды.