Түркістанда ІІМ ардагерлері құрметке бөленді

 10 қараша — Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күні қарсаңында Түркістан қаласының полиция ардагерлері марапатталды.
▫️Салтанатты жиын барысында ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосқан ардагерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
  Ардагерлер күні – өмірін заң мен тәртіпке, ел тыныштығына арнаған азаматтарға құрмет көрсету күні. Полицияның жас буын қызметкерлері үшін бұл кездесу ерекше тәрбиелік мәнге ие болды.
  Шара барысында сөз сөйлеген басшылық өкілдері ардагерлерге шынайы ризашылығын білдіріп, олардың көп жылғы еңбегі мен тәжірибесі әрдайым құрметке лайық екенін атап өтті.
Іс-шара Түркістан қалалық Полиция басқармасында өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *