Қазығұрт ауданында 93 адамға 137,4 млн. теңге қайтарымсыз несие беру жоспарлануда

Қазығұрт ауданында жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту шаралары, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге оң әсерін тигізіп келеді деуге болады. 2022 жылы 3 287 жаңа жұмыс орындары ашылса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 7 407 болды. Ағымдағы жылы мұны 6 490-ға жеткізу жоспарлануда.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» туралы тапсырмасы аясында 1 976 жұмыс орны ашылды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 90 адамға 124,2 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді. Ал, биыл 93 адамға 137,4 млн. теңге беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, былтыр 35 жобаға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жоспарланған болса, 111 жоба іске асырылып, оған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие берілді. Биыл 37 жобаны жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиемен қаржыландыру көзделіп отыр.

Ауданда аз қамтамасыз етілген отбасылардағы адам саны 2022 жылы 11 517 адам болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 21 пайызға төмендеп 9 013 адамды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 7040 адамға дейін төмендету жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емдеумен 2 391 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда. «Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады» дейді сала мамандары.

Жалпы облысымызда атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеді. 2023 жылы нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат 5 бағытта жүргізілуде.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралованың айтуынша, биыл жастарға 3,1 млрд. теңгеге шағын несие беру көзделуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *