ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР АУДАРЫСПАҚТАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Шымкент қаласында 7-10 қараша күндері аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының ХХІІІ чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне әрбір өңірдің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Түркістан облысының құрамасы ел чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді. Облыс балуандары 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль олжалады. Өңір намысын жоғары дәрежеде қорғап, жүлде салған спортшылар қатарында 74 келіде Алмат Ләтіпбек, 87 келіде Ғабит Ағабек, 94 келіде Есімхан Рахматіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров, +100 келідегі құрыш білекті балуан Біржан Қосалиевтер барлық қарсыластарын ат үстінен аударып, бес бірдей алтынды облыс қоржынына салды. Ал 62 келіде күш сынаған Ермек Құралбай күміске қол созса, 80 келідегі Дарын Өткелбай мен 100 келіде бақ сынаған Түймебек Жұмалиев қос қоланы еншіледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *