Түркістандық үш ұстаз республикалық “Үздік педагог-2023” байқауында жеңіске жетті

Астана қаласында өткен дәстүрлі “Үздік педагог-2023” байқауында Түркістандық үш ұстаз жыл үздігі атанды.
«Үздік педагог» байқауына қатысушы Түркістан облысы, Сайрам ауданы Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы Исматуллаева Алия Муратовна ашық сабақта түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, студенттердің оқу мотивациясын дамыту әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, сабақты жоғары дәрежеде өтті. Сайыскерлер арасында бәйгеден оза шауып, үздік нәтиже көрсетті. Республикалық кезең қорытындысы бойынша Исматуллаева Алия Муратовна «Үздік педагог-2023» атағына ие болды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің педагогтарға арналып ұйымдастырылған конкурста сарыағаштық ұстаз Таспулатов Аубдуманап Икрамович «Үздік педагог-2023» атанды. Ұлағатты ұстаз Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернатында 2007 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Жоғары санатты, зияткерлік санаты педагог-шебер, аталған білім ордасында он бес жыл еңбек өтіліне ие ұстаз.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепішілік конкурстың балл санын есептеу бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болған Абдуманап Таспулатов 2007 жылдан бері жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі «Жылдың үздік мұғалімі» байқауында 2010, 2012, 2018, 2019, 2022 жылдары бас жүлдені иеленді.
А.Таспулатов «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері.
Сонымен қатар, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік-әдістемелік журналдарға үнемі мақала жариялап, тәжірибелерімен бөлісіп отырады, авторлық бағдарламалар мен Түркістан облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» хаттамалық келісімін алған шығармашылық, вариативті компоненттік курстардың авторы.
Мұғалімдер пән олимпиадасының 2023, 2013, 2009 жылғы облыстық кезеңінің жеңімпазы.
Соңғы 3 жылда облыстық деңгейде 38 рет, республикалық деңгейде 7 рет жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындарды иеленген Таспулатов Абдуманап Икрамович педагогикалық, шығармашылық іс-тәжірибелері ауыл мектептері жобасы аясында С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектепте, шағын жинақты мектептер арасында облыс аумағындағы мектептерде, қалалық мектептерге таратылды.
“Үздік педагог-2023” байқауында жыл үздігі атанған Куатов Айдос Есиркегенович — Кентау Білім-инновация лицейінің биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі 6 жыл, Назарбаев Университеті түлегі. Мектеп психолог-профориентаторы магистрі.
Әріптестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *