ШАРДАРА АУДАНЫ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?

Түркістан облысы әкімдігінде Шардара ауданының 2030 жылға дейінгі даму жоспары талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардараның географиялық ерекшеліктерін, су қойманы, суармалы алқаптарын тиімді пайдалану керектігін айтты.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың айтуынша, ауданды дамытуда 4 бағыт таңдалған. Олар: туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және балық шаруашылығы. 2024-2030 жылдар аралығында 154 инвестициялық жоба жүзеге асып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Жобалардың жалпы құны 210 млрд. теңгеден асады.
Өнеркәсіп және саудада 49 жоба, туризм – 16, балық шаруашылығы – 75 және ауыл шаруашылығында 14 жоба жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылға дейін ауданға тартылған инвестиция көлемі 3,2 есе өседі. Өнеркәсіп саласында 27 жоба жүзеге асып, зауыттар мен өндіріс орындары көбейеді. 2300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.
Осылайша, өнеркәсіп өнімін 100 млрд. теңгеге жақындатып, 4 есе өсіру көзделіп отыр. Ауданда егістікті әртараптандыру, көкөністі, дәнді дақылдарды терең өңдеу салалары бойынша да жұмыстар атқарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *