Шардарада 1000 гектарға жуық қарбыз көшеті үсіп кетті

Әлеуметтік желіде Шардара ауданында қарбыз көшеттерінің үсіп қалғаны жайында ақпарат тарады. Онда суықтан солып қалған көшеттерді көрсеткен видео авторы 2000 гектар алқаптағы егінді үсік шалғанын айтады.

Ал, Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі әзірге 1000 гектарға жуық жердегі көшеттер жарамсыз күйге түскенін жеткізді. Мамандардың сөзінше егістік алқабы сақтандырылмағандықтан шаруалар арнайы көмекте ала алмайтын көрінеді.

«Жалпы қарбыз көшеті ауаның 0 градусында, ал топырақ қабаты -1 градуста үсіп кетеді» дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан филиалының агрометеоролог маманы Динара Баянбаева.

Синоптиктердің сөзіне сүйенсек, кешегі күні түнде Шардарада күн-райы 0 градусты көрсеткен. Ал, топырақтың температурасы -1 градус болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *