Үйлену тойында оқ атқан түркістандық жауапқа тартылды

Оқиға Сайрам ауданында болды. Желіге жүктелген видеодан картежде жүрген жастардың жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғанын көруге болады. Сондай-ақ, үйленіп жтқан жігіттің аспанға қарумен жеті рет оқ атқан сәті видеоға түсіп қалған..
Аталған оқиға бойынша тәртіп сақшылары 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алып, ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырды.
«Жол ережесін бұзған жүргізушілердің жеке басы анықталып, жауапқа тартылды. Оның ішінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал, «Hyundai santa fe» көлігінің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша «Mercedes-Benz» жүргізушісінің жауапкершілігі қаралды» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *