Кентаулық іскер келіншек мемлекеттік бағдарлама аясында кәсібін ұлғайтты

Кентау қаласының тұрғыны Сымбат Анарбаева аналар мен балаларға массаж орталығын 5 жыл бұрын ашқан. Алайда қажет құралдары жеткіліксіз болғандықтан қызмет көрсету бағыты аз болған. Бүгінде мемлекеттік бағдарламаның арқасында грант иегері атанып, қажетті құрал-жабдықтарын алған. Орталықта қазіргі таңда жалпы денсаулықты нығайтуға, дисплазия мен апатиядан арылуға арналған массаж түрлері жасалады. Сымбат Анарбаева арнайы курстар оқып біліктілігін арттырған. Оған себеп — өзі ерекше баланы тәрбиелеп отыр. Баласына уақытында қажет массаждарды жасау арқылы, өзгелерге де көмек беруде.
«Өзім ерекше бала тәрбиелеп отырғандықтан менің орталығымда міндетті түрде балаға массаж жасайтын қызмет көрсетілуі керек деп шештім. Мемлекеттік қолдаудың арқасында арманым орындалды, – дейді кәсіпкер.
Бүгінде орталықта массаж жасайтын тәжірибесі мол мамандар жұмыс істейді. Орталықтың қызметіне сұраныс өте жоғары. Кәсіпкер ана болашақта басқа да емдеу түрлерін қосуды мақсат етіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *