Арман Сәбитов референдум учаскесіне келіп, дауыс берді

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов №531 референдум учаскесіне келіп, республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып қатысып, өз таңдауын жасады.

Жалпы Сайрам ауданы сайлаушылар саны бойынша облыстағы бірегей аудан. 6 қазан күні мұнда 137 776 мыңнан аса тұрғын референдумда дауыс беру құқығына ие болды. Қазіргі таңда өз таңдауын жасауға келген азаматтар санының көптігі тұрғындардың референдумға бей-жай қарамайтындығын білдіреді.

6 қазан күні №531 референдум учаскесіне Сайрам ауданының прокуроры Даулет Тлемисов пен Сайрам ауданының полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермеков та келіп, АЭС салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумға қатысып, дауыс берді.

Реті келгенде айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселені республикалық референдум өткізу арқылы шешуді ұсынып, ағымдағы жылдың 6 қазан күні елімізде республикалық референдум өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *