Зейнеткер аналар құрметке бөленді
Ордабасы ауданы Шұбар ауылында ауылдық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен зейнеткер аналарға арналған кеш өтті. Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай өткізілген мерекелік шараға ауылымыздан түрлі салада қызмет еткен 60 зейнеткер ана арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Сейдана Бедебаева ақ жаулықты аналарымызға жүрек жарды тілегін жеткізіп, оларды Алғыс хатпен марапаттап, иықтарына орамал жапты.
Іс-шараға арнайы шақырылған әншілер мен «Аяна» балабақшасының бүлдіршіндері және ауылдағы Өнер мектебінің оқушылары өздерінің алдын ала дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынып, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 16 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталықтарда күнделікті 60-70 зейнеткер, ал айына 120-150 адам тиісті қызметтерді пайдаланады. Жыл басында 3480 адамға қызмет көрсету жоспарланса, қазіргі таңда оған 2240 зейнеткер қамтылған. Орталықта қарияларға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық және өзге де көмектер көрсетіледі. Қарттардың алаңсыз тынығып, салауатты өмір салтымен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.