Ғасырдың жүзін көрген қарияларды мерекемен құттықтады

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарына арнайы барып, оларды қарттар күні мерекесімен құттықтады. Арман Айдарұлы алдымен Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол ауылының тұрғыны 104 жастағы Жадыра Кескенбаеваның үйіне барған аудан басшысы алтын құрсақты әжейді арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстап, сұхбаттасты. Жадыра Кескенбаева 7 ұл-қызды дүниеге әкеліп, қазіргі таңда 35 немере, 87 шөбере, 15 шөпшек сүйіп отыр бақытты әже.

Одан кейін, аудан басшысы Сарыағаш қаласының тұрғыны, үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған 104 жастағы алтын құрсақты әжей Сәуле Сапарбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтап, ақ орамал жауып, арнайы сыйлықтар табыстады. Батыр ананың 11 ұл-қызынан 39 немере, 44 шөбере тараған.

– Біз ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Ақ жаулықты аналарымыз қандай құрметке болсын лайықты. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылулық кетпесін. Жанұяларыңызға береке, бірлік тілеймін! – деді аудан басшысы.

Батыр аналарымыз шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, жастық шақтарынан сыр шертті. Сондай-ақ, ауданымыздың дамуы жолында жасалып жатқан жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 16 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталықтарда күнделікті 60-70 зейнеткер, ал айына 120-150 адам тиісті қызметтерді пайдаланады. Жыл басында 3480 адамға қызмет көрсету жоспарланса, қазіргі таңда оған 2240 зейнеткер қамтылған. Орталықта қарияларға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық және өзге де көмектер көрсетіледі. Қарттардың алаңсыз тынығып, салауатты өмір салтымен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *