Аружан мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ өтті

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы “Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы” КММ-сі жас маманы Үсіпбек Аружан Қайымбекқызының “ Көкөністер мен жемістер “ атты тақырыпта балаларға сабақ өтті. Балаларға күз туралы білімдерін қалыптастыру күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру,көкеністер мен жемістер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақ барысында балаларға сергіту сәті өтілді. Екінші тыныс алу жаттығуы, үшінші жемістер мен көкеністерді ажырату, төртінші ұсақ қол маторикасын дамыту мақсатында суретте көрсетілген көкеністі сары түске боялған күріш дақылын жабыстырды.

Айта кетейік, өңірімізде әйелдер қауымы әртүрлі салаларда жемісті еңбек етіп келеді. Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты. Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз. Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Солардың бірі кейіпкеріміз Үсіпбек Аружан Қайымбекқызы.

Орайы келгенде айта кетейік, бүгінгі таңға облыс бойынша жалпы 24 597 медицина қызметкері бар. Оның 5481-і дәрігер, 19 116-сы орта буынды медициналық қызметкер. Қазіргі таңда 258 бейінді дәрігерлерге деген тапшылық орын алуда. Оның бірден-бір себебі, резидентурада оқыту мерзімінің ұзақтығы. Тапшылықты жою мақсатында 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен бірінші рет 60 грант бөлінді.

Сонымен қатар жыл басынан бері ауылды жерлер мен шалғай елді мекендердегі 240 мыңға жуық тұрғынға жылжымалы медициналық кешендер арқылы консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілген. 2023 жылдың 6 айында 10 577 мүгедек бала тіркеліп, оның ішінде 2 мыңға жуық бала оңалту орталықтарында емделген. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамту 94,5%-ды құраған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *