Шымкентте санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған 3 балабақшаға 600 000 теңгеден астам айыппұл салынды

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері ерекше тәртіппен 3 балабақшаны тексерген. Нәтижесінде біршама кемшіліктер анықталған.
Департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, кейбір топтарда жиһаздың тұтастығы бұзылған, ойыншықтар жуылмаған, ойыншықтарды жууға және өңдеуге арналған ыдыстар таңбаланбаған. Сондай-ақ, үй-жайларда бір типті шамдар орнатылмаған, қорғаныш құралдармен қапталмаған. Дезинфекциялау құралдарының зертханалық зерттеу нәтижелері қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді. Температураны бақылау үшін орнатылған тоңазытқыштағы термометрде істен шыққан.
Сонымен қатар, балаларға сатып алынатын өнімге олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы құжаттар ұсынылмаған. Топтық үй-жайларда және медициналық пункт үй-жайларында ауа температурасын бақылау үшін термометрлер орнатылмаған.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізілген тексерулердің нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша жалпы сомасы 658545 теңгеге 5 айыппұл салған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *