Жақсылықтан үміт үзбеу керек

Естеріңізде болса, осыдан 20 жыл бұрын елімізде жарық жиі сөнетін. Электр энергиясынан біз өзге елге тәуелді болдық. Содан, көрші елден келетін жарық әрбір ауылға арнайы уақытпен ғана беріліп келді. Мұның баршасы да электр энергиясының тапшылығынан туындаған жайт еді. Елімізде энергия тапшылығы әлі де бар. Әсіресе, Оңтүстік өңірлерде тапшылықтың мөлшері көп. Үйімізде жарық сөнбегендіктен көпшілігіміз бұл жағдайды байқай бермейміз. Мемлекет реттеп отырғандықтан, әзірге қолымыздағы телефонымыз қуатталып, бөлмемізде жарығымыз жанып тұр.

Алдағы уақытта әліда электр энергиясына деген сұраныс артады. Себебі,  халық саны өсіп, дамып жатырмыз. Зауыттар мен кәсіпорындар бой көтеруде.  Арыға бармай-ақ, бір үйдегі электр энергиясына қосылып тұрған құрылғыларды санап көрейікші. Теледидар, холдилник, кондиционер, телефон, соңғы кезде тіпті көлігімізде электр қуатымен жүретін болды. Сондықтан бізге электр энергиясына деген тапшылықтың орнын толтыру қажет. Бұл тек АЭС салумен ғана мүмкін болатын жағдай.

Сондықтан, АЭС салуға қатысты қоғам пікірі екіге жарылса да, жақсылықтан үміт үзбеу керек.

Ең бастысы — АЭС-тің экологиялық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, геосаяси артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар. Атом энергетикасының дамуы еліміздің атомдық энергетика ғылымы, техникасы мен энергетикасы саласында әлемдік ынтымақтастықта жаңа мүмкіндіктерін ашып, беделін арттыра түседі.

Бүгінде бір емес, бірнеше атом электр станциясын салу дамыған елдердің маңызды статегиялық жоспарларына еніп отыр. Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі таңда Америкада 94 атом электр станциясы жұмыс істейді екен. Олардың басым бөлігі 1990 жылға дейін бой көтерген.

Өздеріңіз білетіндей, қазір техника мен технология қарыштап дамыған заманда атом электр станциясының құрылысына да жаңашылдықтар енген. Яғни, атом электр станциясын жаңа технологиямен салуға қызығушылық танытып жатқан елдер қатары артып келеді. Қарап отырсаңыз, дамыған мемлекеттердің барлығында атом электр станциясы бар. Өйткені, біз күндіз-түні үздіксіз электр энергиясын пайдаланатын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы жағынан алғанда біздің еліміздің алдағы 10 жылда әлемге өркениетке жете алмай, көш соңында қалып қоюы ықтимал. Сондықтан, еліміздің экономикалық жағынан өсіп -өркендеуіне және мемлекетімізде электр энергиясына деген қажеттіліктің болмауына үлкен септігін тигізетін АЭС салу жөніндегі мәселені шешетін уақыт жетті деп ойлаймын.

Амангелді Қабылбеков,

Сайрам ауданының Құрметті азаматы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *