АЭС салы — бүгінгі күннің талабы
Бүгінгі таңдағы АЭС бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба екенін әлем ғалымдары айтуда. Өндірісте экологияға зиянды газдар шығармайды. Құрылысында озық технологиялар қолданылып, нысандағы қауіпсіздікті қамтудың ең кемі 3 жүйесі қолданылады. Қазіргі технологиялар қауіпсіздікті қамтудың 5 жүйесін қоюға мүмкіндік береді.
Атом реакторын суытып тұруға 1 футбол алаңына тең су көлемі ғана жеткілікті болатыны айтылуда. Өндіріске пайдаланылған су қайта айналымға қосылмайды, техникалық су ретінде реактор қажетіне жарай береді.
Станция аймағында барлық зертханалар жұмыс істейтін болады. Мамандар судың қауіпсіз болуынан бастап, балық және өсімдік түрлерінің қалыпты тіршілігін бақылауында ұстайды.
Оның үстіне, қазіргі уақытта әлемдегі барлық АЭС-тердің қауіпсіздігін қадағалайтын МАГАТЭ сияқты ұйымдар бар. АЭС құрылысының барысын да, қызметін де халықаралық сарапшылар тобы ерекше назарында ұстайды. Мемлекет пен қоғам тарапынан да үздіксіз бақылау болатынын да білуіміз керек.
Өткен жылы жаңартылатын энергия көздері бойынша 148 объекті салынды, бірақ бұл энергия көздері тұрақсыз. Күн стансалары электр энергиясын – шамамен 18% уақыт қана, ал жел стансалары 35% береді. Сондықтан жаңартылатын энергия көздерінің әрбір гигаваты үшін біз қосымша қуаттылық қарастыруымыз керек. Бұл гидроэлектр стансалары болуы мүмкін, бірақ бізде көгілдір отын аз. Біз Ресей сияқты газ державасы емеспіз, яғни бізге оны нарықтық бағамен импорттауға тура келеді.
Құрылысы жоспарланып отырған газды қайта өңдеу кешендері өнеркәсіп пен халықтың, қазіргі кезде салынып жатқан маневрлік газ электр стансаларының газ тұтыну қажеттілігін өтей де алмайды.
Сондықтан Қазақстанда атом электр стансасын салу — бұл объективті қажеттілік.

Әлібек Байназар,
Ыбрайымұлы — Сайрам ауданының Құрметті азаматы