Тасболатовтар отбасы жеңіс тұғырынан көрінді
Қазығұрт ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» атты облыстық жас отбасылар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды, отбасы мүшелерінің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жас отбасылар сайысына 17 аудан, қаладан
9 жас отбасы қатысты. Спорттық жарыс үлгісінде өткізілген эстафеталық ойындарда жас отбасылар 4 кезең бойынша бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары әр кезең соңында төрешілердің шешімімен анықталып отырды.
Сайысқа қатысушы командалар өз шапшаңдықтарымен, ептіліктерімен әр кезеңге белсенді қатысты. Тартысты өткен сайыс жеңімпаздарын Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Есқұлов Пердебек Сержанұлы құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Сайыс қорытындысына сәйкес І орынды Тасболатовтар отбасы (Жігерген ауылдық округі), ІІ орынды Амал отбасы (Қарабау ауылдық округі), ІІІ орынды Нұрлыбаевтар отбасы (Қызылқия ауылдық округі) жеңіп алды. Сайыс жеңіпаздарымен қатысушыларғы арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Бүгінде өңірдегі көп балалы отбасылар саны 185 690-ға жеткен. Яғни еліміздегі көп балалы отбасылардың әрбір төртіншісі Түркістан облысында тұрады деген сөз.
Отбасылық жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға арналды.