Ана мен бала денсаулығы – басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауында ана мен бала денсаулығын сақтау саласы мемлекетіміздің басты басымдығы саналатынын айрықша атап өткен еді. Отандық денсаулық сақтау жүйесінің алдында үлкен міндеттер жүктелген. Ол ең әуелі жүкті әйелдер мен сәбилерге медициналық көмектің қолжетімді болуын әрі сапасын арттыру. Сонымен қатар, ана мен бала өлімінің көрсеткішін төмендету, балалардың мүгедектігін ерте анықтау және алдын алу жөнінде маңызды міндеттер қойылған болатын. Осы бағытты облыстық денсаулық сақтау саласында аталған бағыт бойынша бірақатар жұмысты сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Түркістан облысында жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеген. Нәресте өлімі 7,3, ал ана өлімі 6,8 құрап отыр.
Басқарма мамандарының айтуынша, соңғы жылдары қаламыздағы босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен ақ халаттылардың шет елдерде оқып, тәжірибе алмасуы өз жемісін беруде. Президент тапсырмасына сәйкес перзентханалардың жағдайы жақсарып, болашақ аналар үшін барлық қолайлы жағдай жасалуда. Сондай-ақ өткен жылы 43 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды. Айтап айтсақ, Мәскеуде – 30, Санкт-Петербургте – 6, Ыстамбұлда 7. Ал биыл 34 дәрігер Санкт-Петербургте білім алып, тәжірибесін шыңдады. Былтыр бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға 60 грант бөлініп, қазіргі таңда, 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 650 грант бөлінген болатын. Биыл резидентураға грант 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау комиссиялары жұмыс істеуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес бүгінгі таңға дейін 1 млрд теңге қаржыға медициналық ұйымдарға 205 дана қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтсақ, ИВЛ, ЭКГ, монитор пациента, ота жасайтын үстел, медициналық кереует, анализаторлар тағы басқа.
Еліміздегі әрбір бесінші азамат дүниеге келетін, яғни туу көрсеткішінің деңгейі жоғары Түркістан облысында ана мен баланың денсаулығын қорғау маңызды мәселе.
Өткен жылы медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 9 млрд, ал мамандардың біліктілігін арттыруға 125 млн қаражат бөлінген. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 43 маман шет елдерде, соның ішінде 36 маман Ресейде оқытылды. Ал 7 маман Түркияда біліктілік арттырды. 600 маман балалық шақтағы ауруларды бірлестіре жүргізу бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Облыс әкімінің тарапынан 60 грант бөлініп, қазіргі таңда 37 маман резидентурада оқуда.
Биыл медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,3 млрд, мамандардың біліктілігін арттыруға 121 млн қаражат жоспарлануда. Сонымен қатар облыс әкімінің тарапынан 139 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарға ғылыми орталықтың дәрігерлеріне практикалық кеңес өткізілді. Ал консультативтік-диагностикалық емханада ауданнан келген науқастарға консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибелерімен бөлісті. Түркістандық хирург мамандарына лекция оқып, дәріс жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *