«Берекелі шаңырақ» болудың қағидасы айтылды
Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің ұйымдастырумен 12 — қыркүйек «Отбасы күніне» орай қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Берекелі шаңырақ» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.
Іс шараның мақсаты отбасы құндылықтарын ажырата алу және сақтауға тәрбиелеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға деген бала махаббатын ояту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ отбасындағы қаржылық сауаттылық арттыру болды.
Семинар-тернингке «Baglan-group» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрбанов Әбілқайыр Жүсіпбекұлы, Педагогика ғылымдарының магистр, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы, «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімі психологі Өміртаева Жансая Ержанқызы және жас отбасылар қатысты.
Кездесуге қатысқан жас отбасылар, ата-ана мен бала және әйелі мен күйеуінің қарым-қатынасын қалай жақсартуға сонымен қатар қазір таңдағы отбасылық бюджетті басқару туралы спикерлердің кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойып, оған мамандар жауап берді.
Айта кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттің отбасыдан басталатынын және біздің қоғамымызда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екеніне ерекше назар аударып келеді. Бүгінде елімізде Отбасы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілуде.