Түркістан облысында отбасы құндылықтарын сақтау бағытында бірқатар жобалар іске асырылуда

Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалау, жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ отбасыларда жиі кездесетін проблемалық мәселелерді зертеу саласында бірқатар жұмыстар іске асырылуда.
Отбасылар мен жастар арасында отбасылық рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында биылғы жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Атап айтсақ, жастар және жас отбасылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Біз бақытты баламыз!» тақырыптарында 4 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг, 3 кездесу өткізіліп, 348 жас, 34 ата-ана қамтылды.

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алуға отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жанұяның беріктігін сақтауға, ажырасудың алдын алу мақсатында облыста кәсіби мамандармен 565 психо–профилактикалық жұмыстар (психологиялық, заңгерлік кеңестер және әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызметтер) жүргізіліп жатыр.

Облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдары, полиция және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты, әлімжеттікті профилатикалау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік», «Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Біз бақытты баламыз!» «Жанұям менің мақтанышым», «КелінLIFE», «Менің отбасым», «Әкең қамқоршың, анаң ақылшың» және тақырыптарында 75 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел, 
12 кездесу және 3 спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4000 жас қатыстырылып және 250 жас отбасылар қамтылды.
Облыста «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол — ЖОҚ!» тақырыптары бойынша, мектептерде, жастар мен халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп,
5 000-нан аса үн парақша (брошюра) тарқатылды.
Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесі, билер алқасы, Ассамблея жанындағы ақсақалдар мен аналар кеңестерін қатыстырып түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылуда.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында барлық аудан, қаладағы 117 сыртқы жарнама құралдарында баннер эскиздері мен видеориликтер орналастырылды.
Сонымен қоса, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде 568 ақпарат жарық көрген. Оның ішінде 39-ы электронды БАҚ, 89-ы ақпараттық сайтта, 34-і баспа БАҚ, әлеуметтік желіден 406 жазба жарияланған.

Облыста биыл жастар және жас отбасылар арасында отбасылық рухани құндылықтарды дәріптеу  мақсатында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауы өткізілу жоспарланып отыр. 9-рет өткізіліп отырған ұлттық байқауға  Түркістан облысынан 131 отбасы өтініш білдірген.

Сонымен қатар биыл аудан, қала бойынша  жас отбасылардың санасына отбасылық құндылықтардың маңыздылығын сіңіру, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін алдын-алу мақсатында «Шаңырақ» жобасы аясында семинар-тренинг және жас отбасылар арасында отбасы күніне орай жастарды салт -дәстүрге, отбасындағы құндылықты дамытуға  толыққанды тұлғалық және дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін  дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *