Түркістан облысында 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің 27 пайызын нәзікжандылар құрайды

Елімізде 2016 жылмен салыстырғанда әйелдер саны 5,0 %-ға өсті. Егер 2016 жылы әйелдер саны 9 249,7 мың болса, 2020 жылы 9 719,1 мың әйелді құрады.

Қазақстанның еңбек нарығы әйелдердің жұмыспен қамтылуының жоғары деңгейімен, білікті жұмыскерлердің болуымен сипатталады. Айталық, бүгінде Түркістан облысында тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып жатқан аналар, қазақтың қайсар қыз-келіншектері көп. Олар өңіріміздің өркендеуі жолында да жемісті еңбек етіп келеді. Жалпы Түркістан республикада халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты.

Қазіргі таңда облысымызда 179 мың көп балалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде.  Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз.

Осы аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасауда.

Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын  нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *