Зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресудің жолдары айтылды
Созақ ауданы Құмкент ауылдық округінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық іс-шара жиын өтті. Жиынға Созақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Е.Әбдіқадыр, Созақ АПБ ӘЗЗ ҚТ инспекторы полиция майоры А. Манапова,«Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» психолог маманы Қ.Ыдырысова, «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік орталығының «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесінің маманы Б.Саржанов және Құмкент ауылдық округі әкімінің кеңесші іс-басқарушысы Б.Әбішов қатысты. Жиын барысында «ҚР-ның кейір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Созақ АПБ ӘЗЗ ҚТ инспекторы, полиция майоры А.Манапова, «Зорлық зомбылықтың алдын алу және онымен күресу жолдары» тақырыбында «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік орталығының «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесінің маманы Б.Саржанов баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар тарапынан туындаған ұсыныс, пікірлер бойынша А.Манапова және Б.Саржанов жауап беріп, жиынды қорытындылады.
Айта кетейік, «ҚР-ның кейір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құру туралы нақты айтылған. Былай қарағанда, бұл құптарлық-ақ бастама. Бұлардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан нақты бекітіліп отыр.
Бұдан бөлек, 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгені белгілі болды. Мұның өзі де бүгінде қоғамымызда өзекті мәселелердің санатында тұрғаны анық. Ендігі жерде кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылып отыр. Аталмыш заң осы және өзге де заңдар бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттер үдесінен шығары сөзсіз. Бұл көптеген азаматтардың алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеуіне әрекет ететін болады деп сенеміз.