Дильфуза бала күнгі арманына жеткен ару

Үкімет тарапынан жұмысы жоқ жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға бағытталған субсидияланатын жұмыс орындары халық игілігі үшін жасалынған ұлттық жобалар болып табылады. Мемлекет Мансап орталықтары арқылы жұмыс іздеуге жәрдемдесіп, жұмыс орындарын ұйымдастырып және жұмыс берушілерге жалақы субсидиялайды.

Субсидиялық жұмыс орындарының бірі – қоғамдық жұмыс орны. Қоғамдық жұмыс орнының тиімділігі: бұл бағдарламаға арнайы дипломы жоқ, біліктілігі мен тәжірибесі жоқ кез-келген адам қатыса алады. Жыл басынан бері Кентау қалалық мансап орталығы арқылы 571 адам қоғамдық жұмыспен жұмысқа жолданған.

Бүгінде қалада қоғамдық жұмысқа орналасқандардың бірі Каххарова Дильфуза Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жолданған болатын. Бала кезінде әскери адам болғысы келген Дильфуза арманының орындалғанын айтады. Он бес жыл бойы аспазшы болып жұмыс жасаған Дилюфуза денсаулығы сыр бергеннен кейін, аспазшылықтан қол үзіп, мансап орталығына жұмысқа орналасу бойынша жүгінген. Орталық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жібергеннен кейін, әскери маман болмаса да, сол салада іс-құжаттармен жұмыс жасаудың өзі үлкен абырой екендігін жеткізген Каххарова жұмысына дән риза.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР «Әлеуметтік кодексі» өз күшіне енді. Елімізде «Еңбек мобильділігі орталықтары» құрылып, халықты жұмыспен қамту мекемелері «Мансап орталықтары» филиалдары ретінде қызметін қайта бастады.

Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» құрылып, әділет департаментінде тіркелді. Сонымен бірге, облыстың барлық аудан, қалаларында «Мансап орталықтары» құрылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, бүгінге дейін Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеген. 2023 жылы нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат 5 бағытта жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *