Біз Әйгерім, Балнұр, Әсем және Алисаны мақтан тұрамыз

Жақында Түркістан облысы Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында модератор болып, өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, аудан кітапханашыларына озық идеяларын мен жобаларын көрсетіп, кітапхана жұмысына қатысты ойларымен бөлісіп келген менің озық ойлы, креативті мамандарым Әйгерім Бөбеева, Балнұр Жумабаева , Әсем Сарыбаева , Алиса Тастемироваларды қалай мақтап, мадақтап жазсамда артық болмас. Өз істерінің мамандары Созақ кітапханасының алға жүруіне өз үлестерін әрдайым бірінші болып қосып келеді. Айгерім жаңа жобалар жайлы және көрмелердің жасалуына тоқталып өтсе, Әсем жеке әдістемеліктер жасап таратып, Балнұр ұяшыққа жасырылған сұрақтар бойынша интелектуалды ойындар ойнатса, Алиса көрнекіліктердің жасалу жолдарын үйретіп, соңында Әсем мен Алиса шармен безендіру қалай оңай жасауға болатынын көрсетіп, нағыз маман екендіктерін дәлелдеп қайытты.

Қазақ халқы қыз баласын аса қадірлеп, ардақты аналарды құрметтеген. Қарындасты қорғап, аруларды аялаған. Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты. Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде.  Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз.

Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әйгерім, Балнұр, Әсем және Алисаны солардың бірі деуге болады. Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын  нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда. Сонымен бірге қазақтың қайсар қыздары мен ардақты аналары білім беру, медицина және өзге де салаларда абыройлы еңбек етіп жүр.

Эльмира Бейсехулова,

кітапханашы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *