Наргиза нағыз дәрігер болғысы келеді

Наргиза Орайханова Сарыағаш ауданында «Жастар практикасы» жобасымен мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінен өтіп жатқан жастардың бірі. Ол нағыз дәрігер болғысы келеді. Қазіргі таңда жас маман аудандық орталық ауруханасында «Оталау» бөлімінде тәжірибе жинауда. «Жастар практикасы» бағдарламасы бастапқы іс-тәжірибемді бастауға жақсы мүмкіндік» -дейді Наргиза Орайханова.

Жобаның мақсаты — 35 жастан аспаған, оның ішінде иеленген мамандығы бойынша жастарды жұмыспен қамту. «Жастар практикасы» аясында жастардың еңбекақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жұмыспен қамту мерзімі – 12 ай. Кәсіби біліктілігін шыңдаған жастар көп жағдайда жұмыс берушінің ұсынысына қарай еңбек жолын сол мекемеде әрі қарай жалғастыра алады.

Айта кетейік, өңірімізде әйелдер қауымы әртүрлі салаларда жемісті еңбек етіп келеді. Ел экономикасының ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосып жүрген нәзік жандылардың еңбегі әрине елеусіз емес. Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Жалпы өңірімізде әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Сала мамандарының мәлімдеуінше, соның ішінде өңірімізде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлер болып табылады.

Бүгінде облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын  нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда.

Елімізде алғашқылардың бірі ретінде белсенді аруларға қолдау білдіретін «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ашылған болатын. Орталықтың мақсаты — кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *