Мектепте ерекше білімді қажет ететін 8 оқушымыз бар

Мектептерде  ерекше білімді қажет ететін оқушыларды ортаға бейімдеу үшін психологиялық- педагогикалық қолдау құрылғаны баршаға аян. Ерекше  білім беру жaғдaйындa ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр oқушылaрды пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу арқылы мамандармен  мaңызды жұмыс  aтқaрып келеді. Менің ойымша   ерекше білім беру — әр оқушыны  түрлі жолдармен белсенді, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға  білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде жеңіл тапсырмалар мен  оқыту , оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейміз. Оқушыларымыз осы қолдаудың арқасында ортаға еш кедергісіз тез бейімделеді. Мектепте ерекше білімді қажет ететін 8 оқушымыз бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі болғандықтан, жеке және бейімделген бағдарламаларды пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жасаймыз.

Жеке түзету сабақтардың басты мақсаты: әр сыныптағы оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беріп жатырмыз.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларымызға негізгі пәндерден бағдарламаларын бейімдеп екі пәнді кіріктіру арқылы сабақ жоспарлармен жеңіл тапсырмалармен оқушыларға сабақ өтеміз. Кіріктіре- білім беру дегеніміз – қалып кеткен оқу мақсаттарының  және олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеңілдетілген тапсырмалармен,  сондай ақ өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мекемесінде  білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырып отырмыз. Бұл жағдайда оқушыларымыздың  білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескереміз.

Ж.БУЛАНОВА.

 «Сырдария» атындағы №49 жалпы

білім беретін мектептің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *