Түркістан облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан нақты жұмыс жүргізіліп, басқа мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен биылғы жыл басынан бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты жасалатын зорлық–зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен бірлесіп жұмыстар атқарылды.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі комиссиясы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «КӨМЕК» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасылуда. Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер берілуде.

Жалпы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру бойынша  мүдделі органдармен, үкіметік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен жұмыстың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қатаң  бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *