Атакентте спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Мақтаарал ауданы Атакент кентінде спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған нысанның ашылу салтанатына Атакент кентінің әкімі Сламхан Азимов қатысып, аудан басшылығының құттықтауын жеткізді.

«Міне, бүгін кереметтей кіші футбол алаңшасының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Спорт — мемлекетіміздің мерейін асырып, мәртебесін арттыратын маңызды сала. Спортшыларымыздың жетістігі арқылы еліміздің, өңіріміздің, тіпті кентіміздің абыройы асқақтап, беделі еселенеді. Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын қорғай білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейіп, аудан спортының жетістіктері мен табыстары арта берсін!» — деді С.Азимов.

Айта кетейік, Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалаларда (20%) тіркелген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 пайызға жетіп (жоспар 31 пайыз), жоспар толығымен орындалған.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша, облыста спорт инфрақұрылымын саралау нәтижесімен ауылдық жерлерде спорт нысандарын қажет ететін 96 елді мекен анықталып отыр. Талапқасайемес спорт нысандары сарапталып, есептен шығарылуда. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасы аясында өңірде 7 нысан (Бәйдібек – 2, Созақ – 1, Төлеби –1, Жетісай – 2, Мақтаарал – 1) құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Биыл 12 нысанның құрылысы аяқталады.

2023 жылы аудан, қалаларда 44 нысан жеке инвестициялар есебінен салынып, пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі – 3 млрд. 939 млн. теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *